Баскетбол
“Астана” БК осымен жетінші матч қатарынан жеңілді
"Астана" баскетболшылары Бірегей ВТБ лигасында осымен қатарынан жетінші рет жеңілді.
Бұл жолы елорда клубы «Нижний Новгород» командасымен кездесті. Алматыда өткен матч 46:69 есебімен қонақтар пайдасына шешілді. Матчтың ең нәтижелі ойыншысы — еншісінде 17 ұпай бар алаң иелері қатарынан Максим Марчуктің көрсеткіші (14) тәуір болды.
Есесіне «Нижний Новгород» жеңілістер сериясын үзді. Ресей командасы турнир кестесінде жетінші орында тұр. «Астана» оныншы орынға төмендеді.