Басты

Бұқаралық спортпен шұғылданатын өңірлер арасында Шымкент көш соңында тұр — Абаев

Бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев елдегі бұқаралық спортпен айналысатындардың саны 35 пайызға жеткенін айтты. Өңірлерден көш соңында Шымкент қаласы тұр екен.

Маңғыстау, Атырау және Ақмола облыстарының көрсеткіштері жоғары.

Ал ең төменгі көрсеткіштер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тіркеліп отыр.
2025-ші жылы біз спортпен айналысатындардың үлесін 50%-ке дейін жеткізуіміз керек.
Ол үшін салауатты өмір салты мен спорттың пайдасы туралы кеңінен насихатталуы тиіс.
Сондай-ақ спорт инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық спортқа бөлінетін қаражатты көбейту керек.
Бұл ретте, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шамамен 21 млрд теңгені кәсіби спорт түрінен алып, бұқаралық спортқа қайта бағыттадық.
Оның 6 млрд теңгесі мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруға жұмсалды.
Мемлекеттік тапсырыстың арқасында мыңдаған бала спорт секцияларына тегін баруға мүмкіндік алды.
Секцияларға кететін шығындар бюджеттен төленеді.
Өткен жылы республика бойынша 162 мың бала осындай мүмкіндікке ие болды.
Ал биыл 275 мың бала қамтылады.
Мемлекеттік тапсырыс аясында спортпен шұғылданатын балалардың ең көп үлесі Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелген.
Әзірге Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары көш соңында қалып отыр.
Бұқаралық спортқа бағытталған қаржының 4,9 млрд теңгесі спорттық инфрақұрылымдарды салуға және жөндеуге бөлінді.


Өткен жылы елімізде 41 дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылса, оның 32-сі аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде пайдалануға берілді.
Ауылдарды спорт нұсқаушыларымен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тауып келеді.
Тек 2021-ші жылдың өзінде 1833 ауылда спорт нұсқаушысы деген штаттық лауазым енгізілді.
2025-ші жылы әрбір тірек ауылда спорттық шаралар мен секцияларды ұйымдастыруға жауапты жаттықтырушы немесе нұсқаушы болады.
Спорттық инфрақұрылым жасына, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан, барлық азаматтарға бірдей қолжетімді болуы тиіс.
Өйткені, үлкен спорттағы жетістіктер бұқаралық спорттан бастау алады.
Спортпен шұғылданатын балалардың қатары көбейген сайын кәсіби спортқа барғысы келетіндердің саны да арта түседі.
Бұқаралық спорт дені сау, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады.
Бұл саланы дамыту қағидаттары мен тәсілдер Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025-ші жылға дейінгі тұжырымдамасында көрініс табады.
Осыған байланысты мынадай тапсырмаларды беремін:
1. Мәдениет және спорт министрлігі Білім министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлу арқылы балаларды тегін спорттық секциялармен қамтуды ұлғайтсын.
2. Мәдениет және спорт министрлігі Білім министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, 1-ші шілдеге дейін спорттық инфрақұрылым жоқ елді-мекендерде оларды салу жоспарын қабылдасын.
3. Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық экономика, Ақпарат министрліктерімен және әкімдіктермен бірлесіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ауру-сырқаудың алдын алу шараларын насихаттауды күшейтсін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button