Басты

Үкімет кәсіби спортқа бөлініп жүрген қаржының 21 миллиардын бұқаралық спортқа бермек

Президент тапсырмасының аясында кәсіби спортқа бөлініп келген 21 млрд теңге бұқаралық спортқа беріледі.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмасы бойынша шамамен 21 млрд теңгені кәсіби спорт түрінен алып, бұқаралық спортқа қайта бағыттадық деп айтты.

«Оның 6 млрд теңгесі мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруға жұмсалды. Осының арқасында мыңдаған бала спорт секцияларына тегін баруға мүмкіндік алды. Өткен жылы республика бойынша 162 мың бала қатысты, ал биыл 275 мыңы қамтылады. Тегін шұғылданатын балалардың ең көп үлесі Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелген. Әзірге Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары көш соңында қалып отыр», — деді Әлихан Смайылов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button