Таеквондо
Қазақстандық таеквондошылар Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр
Таеквондошыларымыз Austrian Open турниріне дайындықтарын пысықтауда.
Таеквондодан Қазақстан құрамасы Алматы облысындағы «Ақбұлақ» орталығында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстанның таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.
Таеквондошыларымыз 28-29 мамырда Иннсбрукте өтетін рейтингілік Austrian Open турниріне дайындықтарын пысықтауда.
Спортшылар тізімі:
Әзірет Дүйсенбек – 54 кг
Саят Төреқұл – 54 кг
Нұрбек Ғазез – 58 кг
Әділет Базарбаев – 63 кг
Ерасыл Арапбай – 68 кг
Дамир Шүленов – 68 кг
Эльдар Бірімбай – 68 кг
Нұрлан Мырзабаев – 80 кг
Бауыржан Хасенов – +87кг
Руслан Жапаров – +87 кг
Айдана Құмартаева – 46 кг
Наргиза Қойшыбекова – 46 кг
Азиза Қараджанова – 53 кг
Ботагөз Қапанова – 49 кг
Нұрай Хусайынова – 67 кг.