Елордада велопрокат бойынша 155 станция іске қосылды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Bike» автоматтандырылған велопрокат жүйесі іске қосылды.

Барлығы 155 велостанцияда 1 мыңнан астам велосипед орналастырылған. Велошеринг қызметін пайдалану үшін www.velobike.kz сайтында онлайн тіркеуден өтіп, абонемент сатып алу қажет. Абонементті сондай-ақ City Transportation Systems компаниясының кассаларынан алуға болады. Екі дөңгелекті көлікті жалға беру жүйесі 24/7 режимінде қолжетімді.
Велопрокатқа тарифтер өткен жылғы бағамен қалды:
Стандартты абонементтер: — айлық абонемент – 2 500 теңге;
— тоқсандық абонемент – 6 000 теңге;
— маусымдық абонемент – 10 000 теңге.
Жеңілдікті абонементтер: — тоқсандық абонемент – 3 000 теңге;
— маусымдық абонемент – 5 000 теңге.
Велосипедті 30 минутқа дейін тегін пайдалануға болады. Осы уақыттан асқаннан кейін жол жүру құны жалға алу уақытына қарай төлем бөлігін есепке ала отырып есептеледі:
– 0-ден 30 минутқа дейін
– абонемент құнына қосылған;
– 31-ден 60 минутқа дейін – 100 теңге;
— 61-ден 120 минутқа дейін – 250 теңге;
— 121-ден 180 минутқа дейін – 500 теңге;
— 181 минуттан бастап және әрбір келесі сағат – 1 000 теңге.
Тәуліктік абонементтер: — 1 тәуліктік абонемент – 3 500 теңге;
— 3 тәуліктік абонемент – 9 000 теңге;
— 7 тәуліктік абонемент – 17 500 теңге.
Велопрокат сервисі бойынша консультация алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірыңғай байланыс орталығына (iKOMEK-109) қоңырау шалып немесе CTS компаниясының Instagram @cts_kz және Facebook @CityTransportationSystems әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына жазуға болады.