БастыКүрес

Жеті жыл күткен алтын бұйырды

Қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионатында топ жарды. Қазақстан соңғы рет құрлық біріншілігінен 2015 жылы алтын алған.

130 келі салмақ дәрежесінде белдескен балуан Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатында қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Минсокты таза жеңіспен ұтты.

Жарысқа ширек финалда қосылған ол Роман Кимді, жартылай финалда жапониялық Арато Сонададан айласын асырған болатын.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнін бір алтын, үш күміс және бір қола жүлдемен аяқтады.

Аманғали Бекболатов (55 келі), Мирамбек Айнағұлов (63 келі), Мақсат Ережепов күміспен күптелсе, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) ел қоржына Азия чемпионатының қола медалін салды.

Грек-рим күресінен Азия чемпионатынан соңғы рет 2015 жылы алтын алғанбыз. Ол кезде де аса ауыр салмақтағы Нұрмахан Тінәлиев топ жарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button