Басқа спорт түрлері
Алматылық спортшы 25 тонналық ұшақты қозғалтты
Алматылық Алмат Жұманов 25 тонналық Ан-72 жүк ұшағын қозғалтып, Қазақстан рекордын жаңартты.
Естеріңізде болса, 22 наурызда алып лайнерді 6 метрге жылжытқан Алмат бүгін ауа райы кедергі келтіріп, өзінің жеке рекордын бұза алған жоқ, деп жазады 24.kz. Яғни қатты соққан жел Жұмановтың жоспарын жүзеге асырмады. Дегенмен Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілдері Алматқа арнайы сертификатты салтанатты түрде табыс етті.
«Қазақ титаны» деген лақап аты бар Алматтың бұл үшінші рекорды. Бұған дейін 112 тонналық теміржол вагонын жылжытса, 300 келілік түйені көтеріп тұрып, үш бірдей мәшинені сүйреген де осы Жұманов болатын.