Дзюдо
Дзюдошы қыздарымыз Алматы облысында жаттығуға кірісті
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрама командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.
Аталған жаттығу жиынында Қазақстан жастар қыздар құрамасы да дайындықтарын пысықтап, шеберліктерін шыңдауда. ҚР ҰОК мәліметінше, кезекті жаттығуға еліміздің түкпір-түкпірінен 60-қа жуық дзюдошы қатысуға шақырту алған.
Айта кетерлігі, 18 сәуірде басталған жаттығу жиыны 5 мамырға дейін жалғасады.