Шетел жаңалықтары
Эрик тен Хаг «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері атанды
Нидерланд маманы қызметіне маусым аяқталған соң кіріседі.
Оның келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін жасалған. Қажет деп тапса, тараптар келісімді тағы бір жылға соза алады, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.
Қазір 52 жастағы бапкер «Аякста» жұмыс істеп жүр.
Бұл бапкердің қарамағында «Аякс» екі реттен Нидерланд біріншілігі мен ел кубогында екі реттен топ жарған. Тағы бір рет Суперкубокты ұтып алды. Одан қалды 2019 жылы команда Чемпиондар лигасының жартылай финалында өнер көрсетті.
Тен Хаг «Баварияның» екінші командасын, «Гоу Эхед Иглс» және «Утрехт» клубтарын да жаттықтырған. Нидерландтан тыс жерде алғаш рет жоғары дивизионда жұмыс істемек.
Маусым соңына дейін «қызыл сойқандар» Ральф Рангниктің қарамағында жаттығу жасайды.