Күрес
Гүлмарал Еркебаева қола жүлде бұйырды
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты.
Гүлмарал Еркебаева Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында 76 келіде қола жүлдені жеңіп алды. Ол жұбаныш финалындағы қарсыласы, жергілікті балуан Ариунжаргал Ганбатты 7:4 есебімен жеңді.
Айта кетерлігі, бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бүгінгі жарыстағы екінші жүлдесі. Бұған дейін 68 келі салмақ дәрежесінде Мадина Бақбергенова топ жарып, Азия чемпионы атанды.