Зілтемірші Алексей Чуркин әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Грекияның Ираклион қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында Алексей Чуркин күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
06.05.2022
77
73 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Алексей 329 (146+183) келіні ырқына көндірді. Бұл салмақта индонезиялық Жулиансиах Ризхи топ жарса, америкалық Риан Енри үшінші орын алды.Сондай-ақ осы салмақта тағы бір отандасымыз Пётр Хребтов сынға түсті. Ол 307 (137+170) келі көрсеткішімен 5-орынға жайғасты.