Қазақстандық төрешілер Сурдлимпиада ойындарында төрелік етуде
Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласындағы аламанға спортшылар мен бапкерлерден бөлек елімізден төрешілер де аттанған.
Қазақстандық төрешілер Руслан Бәкиев пен Мұхтар Жүсіпов XXIV Сурдлимпиада ойындарында таеквондо жарыстарына төрелік етуде, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.
Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласындағы аламанға спортшылар мен бапкерлерден бөлек елімізден төрешілер де аттанған, олардың арасында таеквондо мамандары да бар. Бірінші санаттағы халықаралық дәрежедегі төреші Руслан Бәкиевтің айтуынша, төрешілерді іріктеу Халықаралық Судлимпиадалық комитеттің қатаң талаптарына сай өткен.
Мамандар таеквондоның олимпиадалық түрінен (WT) 50 айқасқа және пумседен 40-қа жуық көрсетілімге баға береді.
Руслан Бәкиев — бірінші санаттағы халықаралық дәрежедегі төреші, 6 дан қара белбеу иегері. Манчестерде өткен әлем чемпионатында төреші ретінде қызмет етті.
Мұхтар Жүсіпов — 4 дан иегері, халықаралық дәрежедегі төреші, Азия және Еуропада өткен халықаралық турнирлерден төреші ретінде тәжірибесі бар, Қазақстан таеквондо федерациясының вице-президенті. Еліміздегі сурдо және паратаеквондоның негізін қалаушылардың бірі.
Ойындар 1 мамырда басталып, 15 мамырда аяқталады. Ал таеквондодан жарыстар 5-9 сәуір аралығында өтеді.