Бейжің-2022: Қазақстанның экипировкасы ең стильді формалар қатарына кірді
Халықаралық олимпиадалық комитет 2022 жылғы Бейжің ойындарындағы ұлттық құрамалардың ең стильді формаларын назарға ұсынды. Олардың қатарында қазақстандық атлеттердің экипировкасы да бар, деп жазады Olympic.kz.
«Қазақстан сән бойынша сынақ тапсырды». ХОК ұсынған тақырып осындай. «Ақ және көк түстер мұз бен қарды белгілесе, қара түс сәттілік түсі саналады», – деп атап өткен Халықаралық олимпиада комитеті.
Сондай-ақ ХОК Forbes журналының пікірін де еске салды. Олар қазақстандық спортшылардың экипировкасын сәнді киімдер қатарына енгізген.
Айта кетелік, американдық басылым Қазақстанның олимпиадалық формасын ең стильді экипировкалар қатарына енгізген болатын.
Былтырғы жазғы ойындарда да Forbes Қазақстан командасының формасын үздіктер қатарына қосты.
Халықаралық олимпиада комитеті Қазақстанмен қатар АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция және Германия олимпиадашыларының образын да ерекше атап өткен.