ҰХЛ-дегі үздік бапкер анықталды
Сыйлық ҰХЛ журналистер қауымдастығының дауыс ьеруімен табысталады.
Ұлттық хоккей лигасында өнер көрсететін «Калгари Флеймз» клубының бас бапкері Дэррил Саттер Джек Адамс сыйлығының иесі атанды, деп хабарлайды «Қазақ спорты».
Сыйлық ҰХЛ журналистер қауымдастығының дауыс беруімен табысталады.
Дауыс беру нәтижесінде Саттер 353 ұпай жинады. 63 жастағы маманға 121 адамның 93-і қолдап дауыс берген. Ұпайлар мынадай тәртіппен бөлінеді: бірінші орынға – 5 ұпай, екінші орынға – 3 ұпай, үшінші орынға – 1 ұпай. 54 респондент канадалық маманды бірінші орынға қойған.
Саттер баптайтын «Калгари» ҰХЛ тұрақты чемпионатының қорытындысы бойынша 111 ұпай жинап, клуб тарихында үздік нәтижелердің біріне қол жеткізді. Сыйлықтан «Флорида Пантерз» клубының бас бапкері міндетін атқарушы Эндрю Брюнетт (249 ұпай) пен «Нью-Йорк Рейнджерс» бапкері Жерар Галлан (142) да үмітті болған.
Өткен маусымда жеңіс «Каролина Харрикейнз» жаттықтырушысы Род Бриндаморға бұйырған.