Басты

Жүлдеден басты үмітіміз еді: Галышева Олимпиада ойындарын аяқтады

Бейжің Олимпиадасындағы жүлдеден басты үмітіміздің бірі Юлия Галышева негізгі финалдан тыс қалды, деп хабарлайды «Қазақ спорты».

Фристайл-могулдан әйелдер арасындағы екінші финалда жерлесіміз қате жіберіп, қорытынды есепте негізгі финалға өте алмады. 

Жарыста 49,74 ұпай еншілеген Юлия биылғы Олимпиада ойындарында 11-орынмен шектелді. Естеріңізде болса, 2018 жылғы Олимпиадада қазақстандық спортшы қола жүлдегер атанған.

Айта кетелік, бүгін әлем үздіктерінің бірқатары жарыс жолында құлап қалды. 2014 жылғы Олимпиада чемпионы, 2018 жылғы Пхенчхан ойындарының күміс жүлдегері Жюстин Дюфур-Лапуант та Бейжің додасын жүлдесіз аяқтады.

Фото: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button