БастыСаламатты Қазақстан

Тегін спорт және шығармашылық үйірмелер саны қысқартылады

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев үйірмелер мен секциялар бағдарламасына қандай өзгеріс енгізілетінін айтты.

«Қазір бір бала мектептегі секцияға, «артспорт» бойынша секцияға және шығармашылық үйірмеге баруы мүмкін. Көпшілікті қамту мақсатында біз тек бір секцияны ғана ұсынамыз. Сондай-ақ спорт түрлерінің саны 71 ден 30-ға дейін, шығармашылық үйірмелер 59-дан 30-ға дейін қысқарады. Қайталанатын спорт түрлері топтастырылды», — деді Дәурен Абаев.

Ол спорт түріне байланысты балалардың жаттығуға жіберілетін ең төменгі жасы бекітіледі. Бұл жерде біз  қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сүйенетіндерін айтты.

«Оның ішінде, «Спорттық резервті дайындау бойынша оқу-жаттығу процессі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық мекемелерде спорт түрлері бойынша спортшылардың жасын бекіту туралы» бұйрықты негізге аламыз. Мысалы, көркем гимнастикаға 5 жастан, ал боксқа 12 жастан бастап баруға болады. Әрине, мұндағы басты мақсатымыз – балалардың денсаулығын қорғау», — дейді министр.

Ол қоғам тарапынан айтылып жатқан сын-ескертпелер мен олқылық бар екенін мойындады.

«Біз мәліметтерді тексеру, кезекті автоматтандыру, қаржыны бөлу мен қызмет ұсынушылардың есебін қадағалауға байланысты кемшілік кеткенін мойындауымыз керек. Осы мәселелерді шешу үшін басқа да мүдделі мемлекеттік органдар ережеге бірнеше өзгеріс енгізіп отыр. Бұл процесс екі кезеңнен тұрады», — деп атап көрсетті Абаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button