Күрес

Қарағандыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін Қарағанды қаласындағы «Қарағанды-Арена» спорт кешенінде күрес түрлерінен ел чемпионаты басталды.

Енді 1 шілдеге дейін еркін-күрес, грек-рим және әйелдер күресінің шеберлері өзара кім мықтыны анықтайды.

Жарыстың алғашқы күні еркін күрес өкілдері 5 салмақта (57 кг, 61 кг, 74 кг, 79 кг, 97 кг) чемпион мен жүлдегерлерді анықтап жатыр.

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Көрермендерге «Қарағанды-Аренаға» кіру тегін.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен балуандар биыл 10-18 кыркүйек аралығында Сербия астанасы Белградта өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button