Шетел жаңалықтары
Руди Гарсия «Аль-Наср» клубының бас бапкері атанды
«Лион» мен «Романың» бұрынғы бапкері Руди Гарсия «Аль-Наср» клубының бас бапкері болып тағайындалды.
Бұл туралы Сауд Арабиясы клубының баспасөз қызметі хабарлады.
58 жастағы маманмен келісімшарттың жай-жапсары әзірге айтылған жоқ.
«Аль-Наср» директорлар кеңесінің төрағасы Мусли әл Муаммар клубтың негізгі командасымен жұмыс істеу үшін француз маманымен келісімшартқа отырды. Оған сәттілік тілейміз», – делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Естеріңізге сала кетейік, Гарсия «Сент-Этьен», «Дижон», «Ле-Ман», «Лилль», «Рома», «Марсель», «Лион» секілді клубтарда жұмыс істеген.
2021/2022 маусым қорытындысы бойынша «Аль-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орын алды.