БастыКүресҰлттық спорт
Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысы» атанды.
Елордада "Қазақстан барысы" республикалық турнирі өз мәресіне жетті.
Финалда Қызылорда облысының өкілі Мақсат Исағабылов пен маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов кездесті. Шешуші кезеңде Исағабылов ширақтық танытып, жеңіске жетті. Сөйтіп, Қызылорда облысынан осы турнирді жеңген үшінші балуан атанды. Бұған дейін 2011 жылы Ұлан Рысқұл, 2017 жылы Еламан Ерғалиевтер топ жарған. Жеңімпазға 25 миллион теңге мен алтын белбеу және алтын тайтұяқ берілді. Күміс жүлдегер 5,5 миллион теңге мен күміс белбеуге ие болды.
Мақсат Исағабылов 1994 жылдың 17 қарашасында дүниеге келген. Бойы 184 сантиметр болса, салмағы 120 келі. Бұған дейін қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.
Турнир барысында қола жүлдеге жамбылдық Ғалымжан Қырықбаев қол созып, 1,8 миллион теңге мен қола белбеуге ие болды.
Турнир барысында қола жүлдеге жамбылдық Ғалымжан Қырықбаев қол созып, 1,8 миллион теңге мен қола белбеуге ие болды.