Теннис

Теннисші Бейбіт Жукаев елордадағы жарыстың ширек финалына шықты

Елордадағы Ұлттық теннис орталығы корттарында ерлер мен әйелдер арасында ITF сериясы бойынша M/W25 турнирі өтіп жатыр.

Жалпы жүлде қоры 50 мың АҚШ долларына бағаланған жарыста Бейбіт Жукаев ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. Ақтау теннис мектебінің түлегі екінші айналымда тағы бір қазақстандық, 18 жастағы Ислам Орынбасарды 6:3, 3:6, 6:2 есебімен ұтты. Жукаев жартылай финалға шығу үшін жапониялық Синтаро Имаимен таласады.

Жастардан ересектер қатарына өткен Исламның да дода барысында жақсы өнер көрсеткенін атап өткен жөн. Денис Евсеев жұптық сында жартылай финалға шықты. Ол Беларусь өкілі Иван Лютаревичпен бірге белоруссиялықтар Александр Леоненко — Эрик Арутюнянды ұтты — 6:2, 6:4. Әйелдер арасында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ. Енді олар 18 шілдеде басталатын Президент кубогына әзірленеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button