Басқа спорт түрлері
«Азия балалары»: қазақстандықтар бір алтын және екі қола еншіледі
Ресейдің Владивосток қаласында VII «Азия балалары» халықаралық спорт ойындары өтіп жатыр.
Байрақты бәсекеге Қазақстан таеквондошылары да аттанды, деп хабарлайды kaztkd.kz. Әзірге Жалғас Бекқасымов шәкірттері қоржынымызда үш медаль салды.
63 кг Салмақта Дария Манасқызына тең келер ешкім болмады. Финалда ол жергілікті Бетюль Байракты оп-оңай жеңді. Ал Абдулла Әбілқасым (63 кг) мен Аяжан Сапархан (55 кг) қола жүлде иеленді.
28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтіп жатқан додаға 12 елдің өкілдері қатысып жатыр. 1355 өрен 19 спорт түрінен 273 медаль жиынтығын сарапқа салуда.
«Азия балалары» халықаралық спорт ойындары төрт жылда бір өтеді.