Басты

«Барселона» капитаны клубтан кетпек

Бускетс карьерасын МЛС клубтарының бірінде жалғастыруға ниетті.

«Барселонаның» жетекші ойындарының бірі Серхио Бускетс клуб президенті Жоан Лапортамен өзінің болашағын талқылаған. El Nacional мәліметінше, хавбек алдағы жазда Каталониядан кетпек.

34 жастағы футболшы «Барселонамен» келісімшартын созудан бас тартып, карьерасын МЛС клубтарының бірінде жалғастыруға ниетті.

Бускетс «Барселона» сапында 2008 жылдан бері ойнайды, қазір капитан. Келісімшарт уақытц 2023 жылы аяқталады. Осы маусымда Ла Лигада төрт матчқп қатысты. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button