БастыФутбол

Марк Гурманның жалақысы 4 миллионнан 6 миллионға өскен

"Гегель не бабель" Telegram арнасында «Астана» клубының бұрынғы футболшысы Марк Гурманның жалақасына қатысты құжат пайда болды, деп хабарлайды Qazaqsporty.kz

Давид Лория бас директор болып тұрғанда клубтың штаттық кестесіне қол қойған. Бұл құжат 2021 жылдың 22 маусымында жарияланған. Онда футболшы Марк Гурманның айлығын 4 миллион 105 мың теңгеден 6 миллионға көтеру туралы бұйрық шыққан.

Сонымен қатар екінші лигадағы «Астананың» жастар командасының бас бапкері болған Константин Котовты қызметінен босатып, орнына досы Әли Әлиевті қойған. Қызығы, бұрынғы бапкердің жалақысы 550 мың теңге болса, Әлиевтің жалақысын бірден екі есеге көбейткен. Яғни 1 миллион теңге етіп бекіткен.

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне үміткер. Бұл сайлау 28 ақпанға жоспарланған. Осы сайлаудың қарсаңында Самат Смақов, Максим Жалмағамбетов секілді бұрынғы футболшы достарымен бірге елордада баспасөз мәжілісін өткізді. Жиында осы сұрақ та қойылды. Бірақ Давид бұл сұраққа нақты жауап бере алмады.

Футболшы Марк Гурманның әкесі Михаил Гурман 2019-2021 жылдары «Астана» клубына директор болған. Баласы былтырғы маусымда елорда командасында чемпионатта бар-жоғы 12 ойынға қатысқан. Соған қарамастан маусым ортасында оның жалақысын өсіруге не себеп болғаны тіптен түсініксіз.

Өткен жылдың соңында кіші Гурман да «Астанадан» кетті. Ол енді карьерасын Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасында жалғастыруы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button