Басты

Ресми: Срджан Благоевич «Астананың» бас бапкері қызметінен кетті

Благоевич «Астананың» негізгі командасын 2021 жылдың қараша айында тізгіндеген болатын.

Срджан Благоевич тараптардың келісімі бойынша «Астана» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі растап отыр.

Благоевич «Астананың» негізгі командасын 2021 жылдың қараша айында тізгіндеген болатын, сонымен қатар командамен маусым алдындағы жиындар мен маусымның біраз бөлігін өткізді.

«Астана» оның қол астында турнирлік кестенің көшбасшылар қатарында болды, сондай-ақ Olimpbet-Қазақстан Кубогының жартылай финалына өтті.
Срджанның әріптестері мен достары оны нағыз өз ісінің маманы ретінде біледі. Елордалық ұжым Срджанның клубқа сіңірген зор еңбегі үшін алғыс білдіре отыра, алдағы мансабына сәттілік тілейді», — делінген мәліметте.

Басқа жаңалықтар

Back to top button