шахмат

Елордада шахматтан өтетін Гран-придің анонсы жарияланды

Қазақстанның шахмат федерациясы елордада әйелдер арасында өтетін ФИДЕ Гран-приінің анонсын жариялады.

17-30 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында әйелдер арасында ФИДЕ Гран-приінің бірінші кезеңі өтеді.

Турнирге әлемнің ең мықты 12 шахматшысы қатысады.

Women Grand Prix-2022 додасын ұйымдастырушы ел ретінде Қазақстан атынан Бибисара Асаубаева бақ сынайды.

Сонымен қатар турнирдің ресми регламенті мен халықаралық рейтингке сәйкес, құрамамыздың көшбасшысы Жансая Әбдімәлік қатысушылар тізіміне енді.

WGP сериясында ең көп ұпай жинаған шахматшылар ФИДЕ үміткерлерінің турниріне қатысу құқығын иеленеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button