Теннис

Astana Open турнирінде «Үлкен дулыға» жарысының бес чемпионы өнер көрсетеді

Бұл ATP 500 сериясы бойынша 13-турнир болмақ.

1-9 қазан аралығында өтетін Astana Open ATP 500 турнирінде «Үлкен дулыға» жарысының бес чемпионы өнер көрсетеді.

Осындай жоғары деңгейде елімізде алғаш рет өтетін айтулы додада ең мықты ойыншылар бас қоспақ.

Бұл ATP 500 сериясы бойынша 13-турнир болмақ.

Жеңімпаз қомақты жүлдеге қоса 500 рейтингілік ұпайға ие болады.

Азияда ATP 500 сериясы бойынша осыған дейін ірі жарыс Дубайда өтсе, енді Astana Open додасымен бір мезгілде Rakuten Japan Open Tennis Championship болады.

Елордада «Үлкен дулыға» турнирлерінде әр жылдары топ жарған әлемнің 1-ракеткасы Карлос Алькарас, Даниил Медведев, Марин Чилич, Станислас Вавринка және Энди Маррей бақ сынайды. Әлемдегі үздік 20 теннисшінің қатарына кіретін 10 ойыншының келуі Астана жарысының деңгейі мастерс турнирлерінен кем еместігін көрсетеді.

Сондай-ақ жұптық сында да «Үлкен дулыға» додасының бірнеше чемпионы ойнайды. Жанкүйерлер дүниежүзілік рейтингте көш бастаған Джо Солсбери, Раджив Рам, Нил Скупски, Уэсли Колхоф, Жан-Жульен Ройер, Марсело Аревалдоның өнерін тамашалай алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button