Ақтауда таеквондодан Қазақстан чемпионаты аяқталды
Ақтауда таеквондодан ересектер арасында 31-рет ұйымдастырылған Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.
Ел біріншілігіне 15 облыс пен үш қаладан 249 спортшы қатысқан болатын.
Ал чемпиондар жалпы 16 салмақта анықталды.
Үшінші күні 62 кг, +73 кг, 63 кг, 68 кг, 87 кг салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынды.
Әйелдер:
62 кг:
1-орын — Жадыра Хайруллина (Атырау облысы)
2-орын — Жазира Исина (Ақтөбе облысы)
3-орын — Аружан Тілеужанова (Алматы облысы)
3-орын — Жанель Асқарова (Ақтөбе облысы)
+73 кг:
1-орын — Меруерт Ткебаева (Ақтөбе облысы)
2-орын — Евгения Каимова (Астана)
3-орын — Бану Мансұрова (Алматы)
3-орын — Мереке Жүнісова (Алматы)
Ерлер:
63 кг:
1-орын — Камран Нұрадинов (Алматы облысы)
2-орын — Әділет Базарбаев (Алматы)
3-орын — Жасурбек Исраилов (Шымкент)
3-орын — Ердос Оралбеков (Ақтөбе облысы)
68 кг:
1-орын — Алмат Қожахмет (Шымкент)
2-орын — Нұрсат Бақберген (Шымкент)
3-орын — Эльдар Бірімбай (Маңғыстау облысы)
3-орын — Мақсат Орынбасар (Түркістан облысы)
87 кг:
1-орын — Нұрлан Мырзабаев (Түркістан облысы)
2-орын — Мейір Нұрғазин (Жетісу облысы)
3-орын — Ұлықбек Мажитов (Түркістан облысы)
3-орын — Нұртай Оразбаев (Астана).