Қысқы спорт
Бейжіңде олимпиада рекорды жаңартылды
Нидерланд конькишісі Ирен Схаутен Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында 5000 метрге жүгіруден топ жарды, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.
Нидерланд конькишісі Ирен Схаутен Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында 5000 метрге жүгіруден топ жарды.
Схаутен бұл қашықтықты 6 минут 43,51 секундта бағындырып, сол арқылы олимпиада рекордын жаңартты. Екінші орын канадалық Изабелль Вейдеманға тиесілі, ол жеңімпаздан 4,67 секундқа қалыс қалды. Үшінші болып мәре сызығын чехиялық Мартина Сабликова (+6,58) кесті.
Осылайша Схаутен Қытай астанасында екінші алтын медалін мойнына ілді. Бұған дейін ол 3000 метр қашықтықта қарсылас шақ келтірген жоқ.
Сурет: ©ukrinform.ru