Дзюдо

Тарихта алғаш рет қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында басталған дзюдо күресінен әлем чемпионатында отандасымыз Абиба Әбужақынова қола медальға ие болды.

48 келіге дейінгі салмақтағы Абиба Абужакынова жартылай финалға дейін алқынбай жеткен. Бірақ финалдың жолдамасы сарапқа салынған тұста жапондық Нацуми Цунадедан жеңіліп қалды. Ал қола жүлде үшін тартыста намысты қолдан бермеді. Чилиден келген Мэри Ди Варгастың осал тұсын тапты.

Сөйтіп, қазақ қыздары арасында алғаш рет әлем чемпионатында жүлде алып отыр. Бұрын тек Моңғолиядан келген легионер Отгоцэцэг Галбадрах ғана медаль алған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button