Дзюдо
Қуат Хамитов әлем чемпионаты үшін берілетін сыйақыны сынға алды
Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов Ташкентте өткен әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошыларға берілетін жүлде туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Өзбекстан астанасында Қазақстан құрамасы жекелей сында екі қола медаль жеңіп алды. Оларды турнир басында Абиба Әбужақынова (48 келіге дейін) мен Елдос Сметов (60 келіге дейін) жеңді. Спортшылар жеңіс үшін Үкіметтен 8 мың доллар алады.
Әлем чемпионатының жүлдегерлеріне мұндай соманы беру — масқара! Кейбір спортшы үшін бұл бірінші және соңғы жеңіс болуы мүмкін. Менің ойымша, қазақстандық спортқа жүлде ақшасына қатысты жаңа заң керек», — деп жазды спортшы парақшасында.