Басты

Азия чемпионаты: ауыр атлеттер бір алтын, бір қола иеленді

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды.

Бахрейндегі аламанда +87 келі салмақта Айзада Мүптілда Азия чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 120 келі, серпе көтеруде 157 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысында 277 келіні еңсерген қазақ қызы біріншілікте топ жарды.

Тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчук осы салмақта қола медаль еншіледі. Ол жұлқа көтеруде 115 келі, ал серпе көтеруде 151 келіні басынан асырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button