Теннис

Альбина Кәкенова жасөспірімдер арасында Азияның бірінші ракеткасы атанды

Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты.

14 жасар Альбина Какенова сары құрлық рейтингінде көш бастады. Қазақстандық теннисшінің еншісінде 2722 ұпай бар.

Азияның үздік ондығына Ева Корышева – үшінші орын, Ариана Гогулина – алтыншы, Сатима Төреген – жетінші және Яна Штода оныншы орындарға тұрақтады. Осылайша 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің ТОП-10 қатарына Қазақстанның бес ойыншысы кірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button