Шетел жаңалықтары
Буффон үздік үш қақпашыны атады
Атақты қақпашы Джанлуиджи Буффон қазіргі уақытта ең үздік қақпашыларды атады.
«Куртуа, Доннарумма және Облак/Нойер жұбының бірі», — деді италиялық қақпашы DAWN-ге берген сұхбатында.
44 жастағы Буффон соңғы екі маусымда Б лигасындағы «Парма» клубында өнер көрсетіп жүр. Клуб турнир кестесінде алтыншы орында. Оның мансабында «Пари Сен-Жермен» және «Ювентус» болды. Италия құрамасы үшін 1997-2018 жылдар аралығында 176 матч өткізді.
«Реал» қақпашысы Тибо Куртуа өткен маусымның үздік қақпашысы атанды.