Футбол
«Ақжайық» Қазақстан кубогының финалына өтті
Футболдан Қазақстан кубогының финалына шыққан алғашқы команда анықталды.
Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Тараз» командасымен кездескен.Матч барысында алаң иелері жинақылық көрсетті. Нәтижесінде бірінші кезеңде қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соғып үлгерді.
Ойынның 19-минутында оралдық командадан Тома Табатадзе есеп ашса, Петрос Аветисян 38, Сабино Дос Сантос Рафаэль 45-минутта есепті үстемеледі.
Екінші кезеңде тараздық команда гол соғу мүмкіндігін іздеді. Тараздық Марат Шахметов 75-минутта «Ақжайық» қақпасының торын тулатса, одан кейін оралдық клубтан Артур Газданов 78, Оралхан Оміртаев 82-минутта мергендік танытты.
Ал тараздық клубтан Дәурен Жұмат 87, Мақсат Әмірханов 88-минутта гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша «Ақжайық» қарсыласын 5:3 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.