Күрес

Әлем чемпионатынан жалғыз жүлде

Жастар грек-рим күресінен әлем чемпионатын бір жүлдемен аяқтады.

Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз қола медаль түсті. Оны 60 келіге дейінгі салмақтағы Олжас Сұлтан жеңіп алды. Қазақстандық алғашқы кездесуінде әзірбайжандық Нихат Захид Маммадлидан ұтылғанына қарамастан, жұбаныш белдесуінде үндістандық және украин қарсыласынан басым түсіп түсті. Жүлде жолында қырғыз спортшысын таза жеңді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button