Басты

Маунтинбайктан Азия чемпионатында Қазақстан топ жарды

Оңтүстік Корея астанасында маунтинбайктан сары құрлық чемпионаты аяқталды. Соңғы жарыста велошабандоздар 9 шақырым болатын кросс-кантри элиминатор бағдарламасында кім мықтыны анықтады.

Әр айналым сайын 4 спортшыдан үздік уақыт көрсеткішін анықтаған сайыста Алина Саркулова чемпион атанды. Бұл оның Азия чемпионатындағы 2-медалі. Қазақстандық спортшы кеше 16.45 шақырымға созылған кросс-кантриде қола жүлде жеңіп алған.
Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Виолетта Казакова мәре сызығына Алинадан кейін келіп, күміске ие болды.
Айта кетейік, бәсекеге 17 елден 200-ден астам велошабандоз қатысып, бақ сынады. Жалпы есепте 3 алтын, 3 күміс пен 1 қола медалі бар Қазақстан құрамасы 1-орын алды.
Ал Жапония (3 алтын, 1 күміс, 2 қола) 2-ші болса, Оңтүстік Корея мен Таиланд екеуі (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) 3-сатыны бөлісті. Биыл мұнда барлығы 10 мемлекеттің спортшысына жүлде бұйырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button