Дзюдо

Атырауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

Атырауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды. Ел біріншілігінің бірінші күнінде әйелдер 48, 52 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде, ал ерлер 60 және 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.

Атырау татамиінде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатына Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысуда.

Назарларыңызға бірінші жарыс күнінің жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:

Әйелдер:
48 кг
1. Ғалия Тыныбаева(Алматы қаласы)
2. Сара Құлым (Түркістан облысы)
3. Ирина Дубовская (Жетісу облысы)
3. Айкүнім Түйтекова (Алматы облысы)

52 кг
1. Әйгерім Әбілқадірова (Астана қаласы)
2. Толғанай Әбеуова(Ақмола облысы)
3. Гүлдана Әлмұқанбетова (Маңғыстау облысы)
3. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы)

Ерлер:
60 кг
1. Қанат Сейілхан (Атырау облысы)
2. Мерей Марханбетов (Маңғыстау облысы)
3.Ержан Еренғайыпов (Астана қаласы)
3. Бауыржан Жауынтаев (Қызылорда облысы)

66 кг
1. Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)
2. Сұңғат Жұбатқан (Маңғыстау облысы)
3. Айболат Ыстыбай (Атырау облысы)
3. Ермек Амангелді (Атырау облысы)

Басқа жаңалықтар

Back to top button