Басты
Спорттық би: қазақстандық жұп тұңғыш рет әлем чемпионатында топ жарды
Латвияның Саласпилс қаласында спорттық биден әлем чемпионаты өтті.
Қазақстандық жұп спорттық биден ел тарихында алғаш рет әлем чемпионатында бірінші орынға ие болды.
Додаға 32 елден бірнеше жұп қатысып, бақ сынады. 16-18 жас аралығындағы жас жеткіншектер арасында ел намысын қорғаған Максим Жиленков пен Арина Молочникова бірінші орынды иеленді. Олар 10 биден (қоссайыс) үздік үштік қатарынан көрінді.
Айта кетсек, бұл — ел тарихында спорттық биден әлемдік додода алған алғашқы алтын жүлде.