Катар-2022: әлем чемпионаты жайлы қызықты деректер
Футболдан әлем чемпионаты тарихта тұңғыш рет жазда емес, күз бен қыс мезгілінде өтеді.
1. Ашылу матчы бүгін, елорда уақытымен 21:00-де басталады. Бұл – Таяу Шығыста өтетін тұңғыш біріншілік.
2. ӘЧ-2022 32 команда қатысатын соңғы біріншілік. 2026 жылдан бастап комадалар саны 48 болады.
3. Катар құрамасы тұңғыш рет турнирдің финалдық кезеңінде бақ сынайды. Мұндай құқық Катарға ұйымдастырушы ел ретінде берілді.
4. Ойындар 5 қаладағы 8 стадионда өтеді. Стадиондарға ауа салқындатқыштар орнатылған.
5. Матчтарға тек екпе салдырған жанкүйерлер кіргізіледі.
6. Стадиондар арасындағы ең алыс қашықтық 56 шақырым. Яғни жанкүйерлер жолға бір сағаттан аз уақыт жұмсайды.
7. 2022 жылғы әлем чемпионатындағы ең қымбат билет бағасы 48 802 еуро.
8. Бұл біріншілікке Солтүстік Корея құрамасы қатыспайды. КХДР іріктеу кезеңінде бес ойын өткізгенімен, әрі қарай жалғастырудан бас тартты.