Теннис

Алан Құрманғалиев Португалиядағы турнирде топ жарды

Қазақстандық 15 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы финалда аустралиялық Адитья Саринді 3-2 есебімен жеңді.

Алан Құрманғалиев Португалияның Вила-Нова-да-Гайя қаласында өткен үстел теннисінен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды kazsports.kz. Қазақстандық 15 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы финалда аустралиялық Адитья Саринді 3-2 есебімен жеңді.

Оған дейін Алан жартылай финалда румын Рашец Куэсдинді, ширек финалда тунистік Васим Эссидтен 3-2 есебімен басым түскен. Ал топтық кезеңде француз Натан Артур Пиларды ұтты (3-0).

Сондай-ақ қарағандылық үстел теннисінің шебері 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында да бақ сынаған. Бұл санатта ол ширек финалда жапониялық Реичи Есияманың мықты екенін мойындауға мәжбүр болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button