Теннис
Кукушкин Италиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды
Финалда ол швейцариялық Леандро Рейдльмен кездесті
Әлемнің 223-ракеткасы қазақстандық Михаил Кукушкин Италиядағы Андрия челленджер турнирінің финалында жеңіліп қалды.
Соңғы бәсекеде қазақстандық теннисші әлемнің 197-ракеткасы швейцариялық Леандро Рейдльмен кортқа шықты.
Тартысты өрбіген бірінші партияда 20 жастағы швейцариялық спортшы тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:4). Ол екінші сетте де 2:0 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде Кукушкин 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.