Күрес

Жәмила Бақбергенованың Әлем кубогындағы қарсыласы кімдер?

10-11 желтоқсан аралығында АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін және әйелдер күресінен Әлем кубогы өтеді.

Биыл Xtream Arena-да алғаш рет ерлер мен әйелдер еркін күрестен бір кешенде жиналып, кім мықтыны анықтамақ, деп хабарлайды kazsports.kz.

Бұл сында 72 келіге дейінгі салмақтағы әлем рейтингінің көшбасшысы Жамила Бақбергенова Әлем құрамасы сапында күреседі. Әр елдің таңдаулы бозкілем шеберлерінен жасақталған команда В тобында АҚШ және Қытай құрамасымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Ал А тобында Жапония, Украина мен Моңғолияның бұрымды балуандары өзара күш сынасады.

Қытай құрамасы 72 кг дейінгі салмақта бір ғана балуан – Цянь Дегенчаганды алып келеді (UWW рейтингінде 12-орында). Жарыс қожайыны АҚШ қыркүйекте Белградта әлем чемпионы атанған Амит Элор мен Скайлар Эллисон Гротені таңдапты. Айта кетейік, Сербия астанасында Жәмила финалда дәл осы Амит Элорға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болған.

Жәмила биыл Халықаралық күрес федерациясы (UWW) бекіткен барлық салмақтағы әлем рейтингінде (72 кг дейінгі салмақты) 1-орынмен аяқтайды. Оның еншісінде 52 000 ұпай бар. Жәмила UWW тағайындаған 5000 АҚШ доллорына ие болады. Жәмиланың биылғы жетістіктері: Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, Ислам ойындарының қола жүлдегері. Болат Тұрлыханов Гран-Приінің жеңімпазы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button