Теннис
WTA: Елена Рыбакинаның рейтингі жарияланды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) теннисшілер рейтингін жаңартты.

Жеке сындағы үздік үштік бұрынғыша: польшалық Ига Свёнтек көш бастаса, одан кейінгі орындарға тунистік Онс Жабер және америкалық Джессика Пегула жайғасқан.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 22-орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева 51-орынға тұрақтады.