Күрес
Қазақ күресінен әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде бес алтын бұйырды
Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатының екінші күні қазақстандық палуандар бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
Жеңімпаздар алты салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Олардың арасында жеңіс тұғыранан көрінгендердің төртеуі – ерлер болса, екі медальді қоржынға әйелдер құрамасының өкілдері салды.
Сайыстың екінші күні Бекхан Төлепов (55 кг), Нұр Аманшұқыров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Рауза Нұрмахаметова (55 кг) мен Зарина Зарипова (65 кг) тұғырдың жоғары сатысына көтерілді. Ал 60 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан қазақстандық палуан Марат Нығматулаев күміс медаль еншіледі.