Екатерина Айдова Бейжіңдегі кезекті жарысына баға берді
Бейжің Олимпиадасында конькимен жүгіруден 500 метрге жарысудан сынға түскен Екатерина Айдова 20-орыннан көрінді. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы бұл нәтижесі көңілден шықпайтынын айтты.
«Әрине, өз нәтижем көңілден шықпайды. Қандай нәтиже көрсеткінімді көріп тұрсыздар ғой? Әлі жұмыс істеу керек. Шыны керек, бір аяқпен жүгіру қиын. Тіземдегі жарақат жазылған жоқ. Жарақатпен жүгіре берсең де, кейін мүлде жарысқа қатыспай қалуың мүмкін. Сондықтан кей кездері сақтануға тура келеді.
Алда 1000 метрлік жарыс бар. Бұл қашықтықта мүмкіндік көп деп ойлаймын. Тіземнің ауырып жүргеніне екі жыл болды. Емдейтін уақыт та жоқ. Спортшы ретінде тоқтамай жарыса беру керек деп шештім. Қандай жағдай болса да мен осындамын, Олимпиадаға келдім. Сондықтан тек жарысқа түсу керек», – дейді Айдова.