Хоккей

«Барыс» өз айдынында «Амурдан» жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» елордада «Амур» (Хабаровск) командасын қабылдады.

Ойында есепті қонақтар ашты: 14-минутта Ян Дрозг мергендігімен көз түсті. Елордалықтар сапынан 21-минутта Аркадий Шестаков таразы басын теңестіріп, 24-минутта «Амур» хоккейшісі Владислав Барулин командасын қайта алға шығарды.

Одан кейін «Барыс» сапынан Дмитрий Шевченко 37, Линден Вей 56-минутта екі голмен жауап қайырды.

Кездесудің 58-минутында Никита Гребёнкин гол соғып, ойынның негізгі кезеңі 3:3 есебімен аяқталды. Ойын овертаймға ұласты.

Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте Станислав Бочаров соққан шайба «Амурға» жеңіс сыйлады – 3:4

Енді елордалық клуб 6 қаңтарда «Амур» командасымен тағы бір ойын өткізеді.

Ал 8 және 9 қаңтар күндері «Адмирал» (Владивосток) командасымен өзара кім мықтыны анықтайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button