Алматыда VI жазғы Спартакиада ойындары өтеді
Алматыда 2-8 ақпан аралығында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы өтеді.
Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі Спартакиада бағдарламасын жария етті. Күрес федерациясының мәліметіне сәйкес:
2 ақпан – командалардың келу күні. Мандаттық және төрешілер комиссиялары;
3 ақпан – грек-рим күресі
55, 63, 72, 82, 97 келі салмақ дәрежелері;
4 ақпан – грек-рим күресі
60, 67, 77, 87, 130 келі салмақ дәрежелері;
5 ақпан – әйелдер күресі
— 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 келі салмақ дәрежелері;
6 ақпан – еркін күрес
— 57, 65, 74, 86, 97 келі салмақ дәрежелері;
7 ақпан – еркін күрес
— 61, 70, 79, 92, 125 келі салмақ дәрежелері;
8 ақпан – командалар қайтатын күн.
«Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді», — деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.