Хоккей
«Барыс» жаңа жылда қатарынан екінші рет жеңілді
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) «Барыс» араға бір тәулік салып «Амурмен» тағы кездесті.
Кездесу Хабаровскіде өтіп, Ресей клубының пайдасына шешілді – 1:0.
Ойынның басында жергілікті хоккейшілер айдыннан үш рет шығарылды, бірақ астаналықтар сандық артықшылықты пайдалана алған жоқ.
Есесіне айдын иелері сапынан Сергей Дубакин 18-минутта елорда клубының қақпасына дәл көздеді.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтарда «Барыс» «Амурдан» буллиттер сериясының нәтижесінде жеңілген.