Басты

Иштван Бочкай турнирі: Айбек Оралбай қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық қарсыласын бірінші раундта-ақ нокдаунға түсірДі

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Дебреценде (Венгрия) осымен 67-рет ұйымдастырылып жатқан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнирдің ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Айбектің қарсыласы неміс Александр Окафор болды. Қазақстандық қарсыласын бірінші раундта-ақ нокдаунға түсірсе, көп ұзамай германиялық боксшы нокаутқа түсті.

Осылайша, қазақстандық жартылай финалға шықты, соның арқасында ол кем дегенде турнирдің қоласын алады.

Айта кетейік, алдыңғы кезеңде Оралбай үш нокдаунмен Литвадан келген Симонас Урбонавичюсті мерзімінен бұрын жеңді.

Еске сала кетейік, Оралбай 2022 жылғы Азия чемпионы және 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада чемпионы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button