Теннис
WTA: Елена Рыбакинаның рейтингтегі орны белгілі болды
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың рейтингін жаңартты.
Үздік үштік өзгеріссіз – польшалық Ига Свентек, белорус Арина Соболенко және Тунис өкілі Онс Жабер.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина оныншы орында қалды. Юлия Путинцева екі орынға көтеріліп, 43-орынға ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Рыбакина мен Путинцева Abu Dhabi Open турнирінің ширек финалына дейін жетті.
Қазақстандық Анна Данилина бір орнын жоғалтып, 25-орынға ие болды.